Қазақстанның 12 қаласында экология күрт нашарлайды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
904

Еліміздің 12 қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Бұл – зиянды қоспалардың жерге жақын ауа қабатында жиналып, таралмай қалуына себеп болатын ауа райы факторларының үйлесуінен туындайды.

«2025 жылдың 3 желтоқсанында Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында, түнде Астана, Петропавл, Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМҚ.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМУ) – бұл: тымық ауа, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия.

Олар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, ауада жиналуына ықпал етеді. Соның нәтижесінде, әсіресе құрылысы тығыз салынып жатқан аудандар мен өнеркәсіптік аймақтарда, ауа сапасы уақытша нашарлайды.

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...