«Видеоны көргенде шок болдым»: Жәбірленуші баланың анасы оқиғаны баяндап берді

Видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
406

«1001 түн» бағдарламасында ойын алаңындағы оқиғаны жәбірленуші баланың анасы баяндап берді, деп хабарлады  MadeniPortal.kz «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

Айтуынша, оқиға 29 қараша күні болған, бірақ ол бұл жағдайды бірден білмеген. Келесі күні көршілері баласының қатты жылағанын және оны ересек адамның ұрғанын айтқан. Осыдан кейін ғана ол бейнежазбаны көрген.

«Видеоны көргендегі күйімді сөзбен жеткізу қиын. Бұдан бөлек, сол екі күннің ішінде баланы ұрған адамның әйелі келіп, анамды қорқытқан. Ал мен жұмыстан келгенімде балам төсек тартып жатып қалған», - деді жәбірленушінің анасы.

Оның сөзіне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

"Кешірім берудің қажеті жоқ", "Әйелі келіп әжесін құшақтап тұрған баланы нұқып тұрды, байының теуіп құлатқаны аздай! Екеуінен моральдық шығын өндірту керек! Ертең баланың жағдайы қандай болады, бір құдай білед!", "Әйеліде заң алдында жауап берсін. Балаға Аллам шипасын берсін", - деп жазды олар.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...