Заң қабылданды: 2027 жылдан бастап ең төменгі жалақы 110 мың теңге болады

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
339

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге дейін көтеру туралы заң қабылданды. Бұл туралы 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын үшінші оқылымда қараған Құрылтай депутаттары мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қолданыстағы заңнама бойынша Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген. Оған дейін, яғни 2023 жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңге болған. Ал 2023 жылғы 5 желтоқсанда қабылданған «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда ЕТЖ мөлшері 85 мың теңге болып белгіленді. 

Енді 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Осылайша, көрсеткіш 25 мың теңгеге немесе 29,4 пайызға өседі.

Құрылтай депутаттары 2027-2029 жылдарға арналған бюджет туралы заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады.

Президент тапсырмаларын іске асыруға бюджеттен 215,6 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде:

  • 114,1 млрд теңге – ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруге, бастапқы буын медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға және мектептерге жасанды интеллект енгізуге;
  • 101,5 млрд теңге – Астанаға дейін су құбырын салуға және «Балқаш» АЭС жобасы бойынша барлау жұмыстарына бағытталады.

Бұдан бөлек, 52 өңірлік инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға тағы 47 млрд теңге бөлінген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жасөспірім алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Оқиға Петровка ау...

ЖАҢАЛЫҚТАР

“Самұрық-Қазына” қорына жаңа басшы келеді. Бұл туралы Премьер-министр әрі қордың директо...