Маңғыстауда мұнайшылар мінген автобус апатқа ұшырады

Фото: lada.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2556

Маңғыстау облысында Қаражанбас тас жолының бойында шағын автобус жылқымен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Полиция мәліметінше, жәбірленуші ауруханаға жеткізілген.

Автокөлік жүргізушісі адам денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сараптама тағайындалды. Нәтижелеріне сәйкес оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады, - деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, жылқының иесі жауапқа тартылады. Оған іздеу жарияланды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...