V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары А...
Бірінші Наурызды өлтірген: Атырауда қандықол күйеубала кімді қашан өлтіргенін түгел айтып берді
Фото: әлеуметтік желі
Атыраудағы бір отбасының өліміне қатысты іс бойынша қылмыстардың жасалу мерзімі анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, отбасы мүшелері бір мезгілде өлтірілмеген. Алғашқы және кейінгі қылмыстардың арасында бірнеше ай өткен.
Прокуратура дерегінше, күдікті Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз Мұқанғалиевты мамыр айында өлтірген. Ал қалған үш адам қарашада қаза тапқан.
Қылмыс үшінші тұлғалардың қатысуынсыз, жалғыз жасалған. Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, Сәрсемалиев есі дұрыс деп танылды. Ол өз әрекеті үшін жауап бере алады.
Прокурор көмекшіау Жандар Болатбектің айтуынша, марқұмдардың денесінде ас үй пышағымен салынған кесіп-тесу жарақаттары анықталған. Әрқайсында алтыдан кем емес жарақат бар. Олар кеуде, мойын және өмірлік маңызды ағзаларға түскен.
Ал марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты түпкілікті қорытынды әлі шығарылмаған.
Марқұмдардың туыстары сот процесінің ашық өтуін талап етіп отыр.
Қылмыстық іс мамыр айында сотқа жолдануы мүмкін. Тергеу жалғасып жатыр.