Халық наразылығынан кейін Үкімет отставкаға кете ме?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2355

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда мыңдаған адам үкіметке наразылық білдіріп, митингке шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia порталына сілтеме жасап.

Жиналғандар биліктің сыбайлас жемқорлықпен күресте әлсіздік танытып, халықтың экономикалық жағдайын жақсартуға дәрменсіз болып отырғанын сынға алды. Наразылықтың негізгі себебі – елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілмеуі мен мемлекеттік басқару жүйесіне деген сенімсіздік.

Көпшілік ел үкіметін отставкаға кетуге шақырып, реформалар жүргізуді талап етуде. Шерушілердің айтуынша, билік халықтың сенімін ақтамай, елдегі ресурстарды тиімді пайдалануда олқылықтарға жол беруде.

Үкімет наразылыққа қатысты әлі нақты мәлімдеме жасаған жоқ. Сарапшылардың пікірінше, бұл шерулер елдегі саяси ахуалдың күрделене түскенін көрсетеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...