Атыраулық танымал ит Пшөнге арналған мүсін қайда қойылатыны белгілі болды

Фото: Азамат Кенжеғалиев

ЖАҢАЛЫҚТАР
527

Былтыр Атырау облысындағы су тасқыны кезінде көпшілікке көмектескен Пшөн есімді итке арналған сәулет мүсіні қайда қойылатыны белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Qaz365.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл шешім оның символдық маңыздылығын ескере отырып қабылданған.

"Индер ауданындағы түрлі бастамалардың авторы, шағын сәулет нысандарын жасаудың шебері, ерікті Азамат Кенжеғалиев өткен жылы су тасқынына қарсы жұмыстарға белсене қатысып есте қалған еді. Ол еріктілер атынан су тасқыны кезінде көпке көмектесіп есте қалған Пшөн есімді итке арнап шағын архитектуралық мүсін жасап шығарды. Мүсін Махамбет ауданына қойылады", –  делінген  әкімдік хабарламасында.

Ал мүсін авторы ескерткішті ауылдық жерде емес облыс орталығына, адамдар көп жүретін жерге, қойылғанын қалап отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістанда ота жасауда алғаш рет 19 жасар қыз анасына бауырының бір бөлігі трансплантацияланды, деп...

Шоу-бизнес

Біржан Хасанғалиев әкесі туралы естеліктерін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz kznews.kz-ке сілте...