“Хасан бандасы деген кімдер?”: Шерзаттың өліміне қатысты тың дерек шықты

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
3552

Әлеуметтік желіде Талғардағы 16 жастағы баланы өлтіргендер туралы тың ақпараттар тарап жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Abdulla_kz_kz инстаграм парақшасына талғарлықтар тоқтаусыз хат жолдауда. Олардың айтуынша, жасөспірімді өлтіргендер Хасан деген 40-50 жас шамасындағы ер адамның тобы екен. Тіпті олардың есімін естісе, істің бәрі жылы жабылатын көрінеді.

Әрі Талғардағы Рысқұлов ауылы кеңінен сөз болуда. Жазбалардағы мәліметке сүйенсек, бұл ауыл "Хуторский" не "Бригада" деп аталады екен. Ал оларды Хасан басқаратын көрінеді. Хат авторлары Талғардағы ішкі істер органының біраз азаматтары Хасанның қарамағында деп отыр. Ол кәсібін дөңгелетушілерді қорғауына алып, ақша алып тұрады екен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...