Химия зауытындағы жарылыстан бес адам қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
172

Үндістанның Гуджарат штатындағы Бхаруч ауданында химиялық өнім шығаратын кәсіпорында жарылыс болып, бес жұмысшы қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 16 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 22:00 шамасында SynZeal Pharmachem кәсіпорнында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өндірістегі гидрлеу процесі кезінде жарылыс болып, улы метиленхлорид газы тараған.

Жарылыстың күшінен реактор ыдысы қирап, жабдықтардың бөлшектері кәсіпорын аумағына шашылған. Зардап шеккен бес жұмысшы ауруханада ем алып жатыр.

Оқиға орнына полиция, өнеркәсіп қауіпсіздігі қызметінің және қоршаған ортаны бақылау органының мамандары барған. Жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр. Кәсіпорын шамамен бір жыл бұрын ашылған және дәрі-дәрмек өндірісіне қажетті аралық химиялық өнімдер шығарған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары кезінде 42 жастағы жұмысшы бес метр биіктіктен құл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 қазанда Шымбұлақ тау-шаңғы курортында Тянь-Шань шыршасын егуге  арналған экологиялық акция ө...