Павел Дуровқа халықаралық іздеу салынды

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
490
Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуров халықаралық іздеуге жарияланды. Бұл туралы Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Дуровқа Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1.1-бөлігі («Террористік қызметке жәрдемдесу») бойынша айып тағылған.

«Telegram әкімшілігінің басшысы П. Дуровқа Ресей Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1.1-бөлігінде (террористік қызметке жәрдемдесу) көзделген қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында айып тағылды. Ол халықаралық іздеуге жарияланады», – делінген Ресей ФҚҚ хабарламасында.

Аталған бап бойынша Ресей заңнамасында 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.