Ыстамбұлда Түркі Кеңесінің медиафорумы басталды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3033

Түркияда 22-24 қазан аралығында Ыстамбұлда өтетін Түркі кеңесінің «Тұғырлы тарихы бар жарқын болашақ» тақырыбындағы Медиа форумы басталды. 

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің бейнежолдауында МедиаФорумның барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.

Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Медиа форумның жұмысын ашып, өзінің сөзінде форум тақырыбы ортақ тамыры бар және түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен перспективалары бар түркі әлемінің барлық елдері үшін өзекті екенін атап өтті.

Қазақстандық делегацияны Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев бастап отыр. 

Жалпы, Медиа форум жұмысына Түркі кеңесіне мүше Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, бақылаушы ел-Мажарстан, сондай-ақ Түркіменстан елдерінен 350-ден астам адам қатысуда, олардың қатарында жетекші БАҚ өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, киноиндустрия, мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі блогерлер мен коммуникация факультеттерінің студенттері бар.

Форумда киноиндустрия және БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ дезинформацияға, оның ішінде әлеуметтік желілерге қарсы бірлескен күрес талқыланады.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...