Димаш Құдайберген маңызды мәлімдеме жасады

Фото: Инстаграмнан

ЖАҢАЛЫҚТАР
4503

Әнші Димаш Құдайберген 26 мамырда туған күніне орай фан-кездесу өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Кездесу Almaty Arena стадионында «D and Dears» деген атпен ұйымдастырылады. Ол «Stranger» концертінің кинотеатрларға шығуына орайластырылмақ.

«Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар», - деп жазды әртіс әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша 27 мамырдан бастап Астанада өткен «Stranger» шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі.

Келесі аптадан бастап фан-кездесу билеттері Ticketon сайтына шығады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...