Марқұм Шерзат Болаттың әжесін сот кезінде жедел жәрдем алып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL....
Қар көшкінінен 11 альпинист көз жұмды
Фото: әлеуметтік желі
377
Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні түсіп, 11 альпинист қаза тапты. Тағы алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Нақтылаған ақпарат бойынша, 10 адам таудан өздігінен түскен. Алты альпинист жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, 11 адам өмірмен үйлеспейтін жарақат алған», – делінген хабарламада.
Құтқарушылардың мәліметінше, альпинистер тобының құрамында барлығы 33 адам болған.
Оқиға 6 қыркүйек кешке болған. Мижирги тауынан қар көшкіні түсіп, белгіленген маршрутпен өтіп бара жатқан альпинистер тобын басып қалған. Олар сол кезде Безенги шатқалында болған.