Зайсанда көне қорғандарды ауыр техника таптап кеткен бе? Әкімдік мәлімдеме жасады

коллаж MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
248

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы «Шағаноба» археологиялық кешенінде ауыр техникамен жер жұмыстары жүргізілгені анықталды. Әлеуметтік желіде көне қорғандардың бүлінгені туралы ақпарат тарағаннан кейін полиция мен археологтар тексеру жүргізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  ШҚО әкімдігінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 13 қарашада полиция қызметкерлері оқиға орнына барған. Тексеру барысында кешен аумағындағы бұрын қазылған шұңқырларды көму үшін «SRS» ЖШС-не тиесілі ауыр техника пайдаланылғаны белгілі болды.

Оқиға орнында болған азаматтардың жеке басы анықталып, тиісті материалдар полицияда тіркелген.

Сол күні археологтар, тарихи-мәдени мұраны қорғау мамандары, әкімдік пен полиция өкілдері аумақты бірлесіп тексерген. Жер жұмыстарының іздері фото және бейнежазбаға түсіріліп, арнайы акт жасалған.

Алайда көне қорғандарға нақты қаншалықты зиян келгені әзірге белгісіз. Әкімдіктің түсіндіруінше, аумақты қар басып жатқандықтан, тарихи нысандардың жағдайын толық бағалау мүмкін болмай отыр.

«2027 жылдың көктемінде қосымша тексеру жүргізіліп, қажет болған жағдайда авариялық-құтқару археологиялық жұмыстары ұйымдастырылады», – делінген әкімдік мәлімдемесінде.

Тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына жолдау тапсырылған. Егер заңбұзушылық анықталса, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту шаралары қабылданады.

ШҚО әкімдігі тарихи-мәдени мұра нысандарын заңсыз қазба жұмыстары мен вандализмнен қорғау үшін бақылауды күшейтетінін хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Аса ауылында жасөспірім кеуде тұсынан бірнеше рет соққы алғаннан кейін құлап, жүрег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 36 мектеп әлі де үш ауысыммен оқытады, ал 27 мектеп апатты жағдайда тұр. Оқу-ағарту мини...