Президент конституциялық комиссия жетекшілерін қабылдады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1001

Мемлекет басшысы конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Тоқаев конституциялық комиссия төрағасы – конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және конституциялық комиссия мүшесі – президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.

Конституциялық комиссия жетекшілері мемлекет басшысына бұған дейін атқарған жұмыстар туралы мәлімет берді.

Эльвира Әзімованың айтуынша, eGov және e-Otinish порталына жұртшылық тарапынан келіп түскен пікірлер саны 4 мыңнан асқан. Пікір білдірушілер жобаны қоғам мүддесіне сай келеді деп есептейді екен. Саяси партиялар мен республикалық және өңірлік қоғамдық ұйымдар жаңа конституция қабылдау жөніндегі бастамаға қолдау білдірген.

Президент конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта жалғасуын тапсырды. Сонымен қатар, сарапшылар мен қоғам өкілдері жолдаған ұсыныстардың барлығын жіті талдауды міндеттеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Абай облысында сарбаз өліміне кінәлі деп танылған дәрігер амнистиямен босатылды, деп хабарлайды Made...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар тұрғыны мысықты құтқарам деп мерт болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 51 жастағы ер ад...