Елімізге белгілі ММА шебері Қуат Хамитов алматылық қыздар туралы айтты, деп хабарлады MADENIPOR...
Қазақстандықтардың жүрегін жаулаған башқұрт әнінің қазақша аудармасы тарады
Фото: Видеодан кадр
2163
Башқұртстандық Ay Yola тобының жаңа «Homay» әні қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен танымалдыққа ие болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Музыканттар бұл туындысын башқұрт эпосы «Ұлан батыр» негізінде жасаған. Аңызда басты кейіпкер зұлым күштермен күресіп, халықтың бақытын қорғауға тырысады. Ay Yola тобы бұл терең мағынаны өз музыкасы арқылы жеткізуге тырысқан.
Топ Instagram парақшасында «Homay» әнінің үзіндісін қазақша аудармасымен бөлісті. Желі қолданушылары бұл қадамды жоғары бағалап, әнге жылы пікірлерін жаудырып, ерекше қолдау көрсетті.
Ay Yola тобы Қазақстан халқына алғысын білдіріп, бұл видеоны арнайы қазақстандық тыңдармандар үшін дайындағанын айтты.