Заманбек Нұрқаділовтің немересі әкесінің жұмыссыз жүргенін айтты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
677

Заманбек Нұрқаділовтің немересі Нұрбибі Нұрқаділова әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялап, отбасының әлі күнге дейін танымал тегінің салдарын тартып жүргенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның сөзінше, атасы көзі тірісінде айналасындағылар әкесі Қайратқа жиі хабарласып, көмек сұрап, кездесуге ұмтылатын. Алайда уақыт өте келе сол адамдардың көбі байланысын үзіп, тіпті оның хабарламаларына жауап бермейтін болған.

Нұрбибі бүгінде 59 жастағы әкесінің жұмыс іздеп жүргенін көру өзіне ауыр тиетінін жасырмады. Айтуынша, әкесімен әр кездескен сайын атасының өткен өмірі мен саяси қызметінің олардың тағдырына қалай әсер еткені туралы әңгіме қозғалады.

«Бүгін тағы да әкеммен кездестім. Тағы да атамның іс-әрекеттерінің оған, бізге қалай әсер еткені жайлы сөйлестік. Тағы да оның көңілі қалған, үміті үзілген жанарын көрдім», – деп жазды ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...