Жамбыл облысында 16 жастағы жасөспірім өлі табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1572

Жамбыл облысында 16 жасар жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылында 16 жасар жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады.

Полицияның мәліметінше, баланың жансыз денесін туыстары тапқан.

"Байзақ ауданында кәмелетке толмағанның денесін табу фактісі бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (өзін – өзі өлтіруге дейін жеткізу)”, - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.

Ауыл тұрғындары жасөспірімнің мінезі тұрақты екенін айтуда. Оқиғаның себептерін полиция тексеріп жатыр.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...