Жамбыл облысында әйел адам төрт метрлік шұңқырға құлап кетті

ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
291

Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі ауылында әйел адам терең шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде Құтқару қызметінің жедел-құтқару жасағы келіп жеткен. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, тереңдігі төрт метрден асатын шұңқырға түскен. Олар зардап шеккен әйелді абайлап жер бетіне шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырған. МЧС қызметкерлерінің жедел және үйлесімді іс-қимылының арқасында әйелдің өмірі аман қалды.

Halyqstan басылымының мәліметінше, дәрігерлер әйелге оң аяқтың екі аймақтан жабық сынуы (сүйек сынықтарының ығысуымен және тіндердің жыртылуымен), табанның сыртқа қарай жартылай шыққаны, сол жақ өкше сүйегінің жабық көп сынықты сынуы (сынықтардың ығысуымен), сол қолдың бірінші саусағының жарақаттық шығуы, сондай-ақ төртінші бел омыртқасының жабық қысылу сынуы диагнозын қойған.

“Травматологпен бірлесіп тексеру жүргізілді. Пациенттің жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Сынық аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Ес-түсi анық. Тағайындалған ем қабылдауда,” – деді Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Хамит Мұрзақасымов.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар шұңқырды қоршамай қойған жер телімінің иесін анықтап жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...