2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңаша есептеледі

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2211

2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңаша есептелетін болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Atameken Business басылымына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде тоқсан сайын күнкөріс деңгейінің ең төменгі көрсеткіші бойынша беріледі. Бастапқы сома артқан сайын, әлеуметтік көмектің де мөлшері ұлғаяды.

Ал жаңа есеп медианды кіріске байланысты жасалмақ. Мысалы, егер бірнеше адамның кірісі өте жоғары болса, орташа кіріс өсіп кетеді, ал медиандық кіріс сол қалпында қалуы мүмкін. Бұл есеп кіріс деңгейін дәлірек анықтайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті жаңаша есептеу әдісін келер жылдан енгізуі тиіс. Бұл туралы олар өткен жылы айтқан. Механизмі мен нақты енгізу уақытын білу үшін жауапты министрлікке хабарластық. Олар осы айдың аяғы немесе қаңтарда белгілі болады деді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...