Алматыда бала қайшымен жүгіріп жүріп, сүрініп құлаған кезде өткір зат маңдай тұсына қадалған, деп ха...
Жамбыл облысында арнайы жасақ инспекторы өз-өзіне қол жұмсады
Фото: freepik
858
Жамбыл облысының Қордай ауданында полицияның арнайы жасақ (СОБР) инспекторы казарма ішінде өзіне оқ атып, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға арнайы отряд казармасының дәлізінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 1995 жылы туған полиция қызметкері табельдік қаруынан жарақат алған. Оқиғадан кейін ол бірден аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін арашалап қала алмады, сарбаз кешке қарай қайтыс болды.
Жамбыл облыстық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми ақпарат беріп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарының басталғанын растады.