«Таза Қазақстан»: Алматыда 2026 жылы 550 мыңнан астам жасыл желек егіледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
1243
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Алматыда көгалдандыру және қоршаған ортаның сапасын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
2026 жылы шамамен 550 мың жасыл желек егу жоспарланған. Оның ішінде биіктігі 5-6 метрден асатын 7,2 мыңнан астам ірі ағаш, 500 мыңнан астам бұта және кесілген 40 мыңға жуық ағаштың орнына биіктігі 2-2,5 метр болатын көшеттер отырғызылады.