Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, маусым айынан басынан бері Оңтүстік Кореяда аптап ыстықта...
Алматыда 12 жастағы баланың өліміне қатысты әжесі жаңа дерек айтты
Коллаж: әлеуметтік желі
Алматыда 12 жастағы Абылайханның өліміне қатысты жаңа деректер айтылды. Марқұм баланың әжесі немересінің қазасына себеп болған оқиғада тағы бір жасөспірімнің рөлі болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы жағдай 10 маусым күні Алматы қаласында болған. Ресми мәліметтерге сәйкес, 6-сынып оқушысы бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған. Бала ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Құқық қорғау органдары бұл іске қатысы бар деген күдікпен 13 жастағы жасөспірімді ұстады. Тергеу мәліметінше, күдікті мен марқұм бір-бірін бұрыннан таныған, бір ортада араласып жүрген.
Полицияның бастапқы болжамы бойынша, оқиға балалар арасындағы жанжалдың ушығуынан болуы мүмкін. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Марқұмның әжесі журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында отбасының ауыр қайғысын айтып, күдіктінің әрекетін түсіне алмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, балалар арасындағы жанжалға сырттан ықпал еткен үшінші адам болуы мүмкін.
Әжесінің айтуынша, 6-сыныпта оқитын қыз екі баланы әдейі төбелестіріп, оқиғаны сырттай бақылап тұрған.
"Күдіктінің іс-әрекетін мүлде ақтап алуға болмайды. Немеремді жануарды өлтіргендей пышақтап тастаған. 6-сыныптың қызы екеуін әдейі төбелестіріп қарап отырған. Ол әлі кішкентай қыз ғой, сабақ оқуы керек. Күдікті бала "мен сені былай жеңбесем, басқаша жеңем" деп өлтірген сияқты", – деді марқұмның әжесі.