Жамбыл облысының әкімінің тұрғындарды кітап оқуға шақырған жазбасы қызуға талқыға түсті

ашық дереккөзден алынған

Жаңалықтар
168

Ербол Қарашөкеевтің кітап оқып отырған суреті мен әлеуметтік желідегі жазбасы көпшілік арасында талқыланып жатыр, деп хабарлады madeniportal.kz.

"Желі қолданушылары арасында оны мақтағандар да, даттағандар да табылды. Осы ретті облыс әкімінің баспасөз хатшысы Жанғазы Ахмет талқылауға қатысты пікір білдірді. Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің өңір тұрғындарын кітап оқуға шақырған посты қызуға талқыға түсуде. Осы ретте туындап отырған бір-екі сұраққа катысты пікір білдіре кетейін. Облыс әкімі Жаңа жылдық демалыс күндері (1-4 қаңтар) жұмыста болғанын жеткізгім келеді. Оған облыс әкімдігінің ресми парақшаларындағы ақпараттар арқылы көз жеткізе түсесіздер. Аймақ басшысы ағымдағы жылдағы алғашқы жұмыс сапарын 3 қаңтар күні Байзақ, Меркі аудандарынан бастады. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланғаны баршаңызға белгілі. Осыған орай Ербол Қарашөкеев қарапайым, тәжірибелі еңбек адамдарын мерекемен құттықтап, құрмет білдірді. Әкімнің әлеуметтік желідегі алғашқы жазбасы да сол туралы болды. Сондай-ақ 4 қаңтар күні облыс әкімі Тараз қаласындағы жаңғыртудан өткен көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Ал аймақ басшысының кітап оқуға қатысты жеке жазбасы жұмыс күні (5 қаңтар) жарық көрді. Желіге жазба жариялайтын кез келген тұлға постқа негіз, көрнекілік үшін арнайы фотоға түсіп салатыны белгілі. «Әулиеата — кітап оқитын өңір» — жамбылдықтар тарапынан қолдау тапқан игі жоба. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында: «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деп баса айтқан болатын.Аталған жобаның негізі осыдан бастау алады. Биыл «Жұмысшы мамандықтарының жылына» орай өңірде ауқымды жұмыстар атқарылатын болады. Сол секілді «Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы аясында да жүйелі жоспарлар қаралған. Ел игілігіне негізделген баянды бастамаларға бірге атсалысайық!", - деп жазды Жанғазы Ахмет.

 

 

Жаңалықтар

Желіде Air Astana ұшағы Ақтауға амалсыз қонуға мәжбүр болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады m...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде көлікті қыстыгүні 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынады деген ақпарат қ...