Атырауда әйелін 35 жыл бойы қызғанып келген ер адам ақыры оны атып өлтірді

Фото: Envato

ЖАҢАЛЫҚТАР
1140

Атыраудың 61 жастағы ер адам әйелі опасыздық жасамаса да күдіктеніп, оны өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеп.

Қайғылы жағдайдың болуына 1990 жылы болған оқиға себеп болған. Бір дастархан басында отырған көршісі мас күйде ер адамға ауыр сөз айтқан. Яғни, ер адамның қыздарының бірі оның туған қызы емес деп айтқан. Бірақ, көршісі ертесіне масаң күйде болғанын, олай айтуына ешқандай негіз жоқ екенін айтып ақталған. Алайда бұл сөздер ер адамның есінде қалып қояып, жылдар бойы әйелін кінәлап келеді.

Осы жылы мамыр айында ер адам 6 күн қатарынан ішімдікке сылқия тояды.  Ол таңға жақын мас күйде оянып, жанында ұйықтап жатқан әйелін көріп, қызғаныштан оны өлтіруге бел буады.

Сейфтен өз атына тіркелген аңшы мылтығын алып, оқтап, әйелін екі рет атып жібереді. Әйелі сол жерде жан тапсырды. Кейін ер адамның өзі полицияға қоңырау шалып, жасаған ісін мойындаған.

Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды.