“Жаңа деңгей”: Аймағамбетов қуанышты жаңалық айтты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1120

ҚР Президентінің Жарлығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «ұлттық» мәртебесі берілді. Қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желіде парақшасында сүйіншіледі, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

“Біздің Альма-матер - Ұлттық университет!

Президент Жарлығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «ұлттық» мәртебе берілді. 

Бұл- әділетті әрі тарихи шешім. Себебі 1991 жылға дейін Қазақстанда тек екі ғана университет деңгейіндегі жоғары оқу орны болды: ҚазМУ және КарМУ (қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Бұл факт КарМУ-дың сол кездегі де, бүгінгі де деңгейі мен әлеуетін айқын көрсетеді. Ол әлеует әлі күнге дейін бар және жаңа деңгейге көтерілуге дайын.

Жаңа мәртебе - бұл университеттің жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар ғылым, білім және кәсіби даму үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Айтпақшы, бұл бюджеттен бөлінетін қаржының артуына тікелей әсер етеді, демек, профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысының өсуі және университетіміздің материалдық-техникалық базасының дамуы деген сөз.

Құрметті профессор-оқытушы құрам, қызметкерлер және студенттер! Сіздерді осы маңызды әрі қуанышты оқиғамен шын жүректен құттықтаймын!”,- деп сүйіншіледі Асхат Аймағамбетов. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...