Жаңа iPhone-ның сатылымына тыйым салынды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1258

Apple корпорациясы Қытайда жаңа iPhone Air моделін сатылымға шығара алмады. Бұл туралы South China Morning Post (SCMP) басылымы мәлім етті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

АҚШ компаниясы ультражіңішке iPhone Air-дың сатылымын кейінге шегеруге мәжбүр болды. Дегенмен, iPhone 17 сериясының қалған модельдері 19 қыркүйектен бастап Қытайда да, әлемнің басқа елдерінде де қолжетімді болады.

Мәселенің басты себебі - eSIM технологиясына байланысты жергілікті реттеуші органдардың рұқсатын алу қажет. iPhone Air дәстүрлі SIM-карта салатын тетіксіз жасалған, тек виртуалды eSIM қолданылады. Ал Қытайда мұндай құрылғыларды іске қосу үшін арнайы лицензия талап етіледі. 

Сарапшылардың пікірінше, Apple нормативтік мәселелерді шешкен соң, iPhone Air Қытай нарығына шығарылады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...