Биыл Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму минис...
Жаңа Үкімет бекітілді: Министрлерден кім кетті, кім қалды?
Президент Тоқаев Олжас Бектенов басқаратын жаңа министрлер кабинетін тағайындады, деп хабарлайды madeniportal.kz
Роман Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары болды.
Ғалымжан Қойшыбаев министрлер кабинеті аппаратының басшысы болды.
Мұрат Нұртілеу, Ғалымжан Қойшыбаев, Серік Жұманғарин, Тамара Дүйсенова, Нұрлан Байбазаровтар да премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сыртқы істер министрі – Мұрат Нұртілеу
Қорғаныс министрі – Руслан Жақсылықов
Ішкі істер министрі – Ержан Сәденов
Қаржы министрі – Мәди Тәкиев. Бұған дейін бұл қызметті Ерұлан Жамаубаев атқарды.
Мәдениет және ақпарат министрі – Аида Балаева
Ауыл шаруашылығы министрі – Айдарбек Сапаров
Әділет министрі – Азамат Есқараев
Энергетика министрі – Алмасадам Сәтқалиев
Ғылым және жоғары білім министрі – Саясат Нұрбек
Денсаулық сақтау министрі – Ақмарал Әлназарова. Ол Ажар Ғинияттің орнына келді.
Сауда және интеграция министрі – Арман Шаққалиев
Көлік министрі – Марат Қарабаев
Оқу-ағарту министрі – Ғани Бейсембаев
Төтенше жағдайлар министрі – Шыңғыс Әрінов. Сырым Шәріпханов қызметінен кетті.
Ұлттық экономика министрі – Нұрлан Байбазаров. Бұған дейін бұл лауазымды Әлібек Қуантыров атқарған еді.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі – Бағдат Мусин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Светлана Жақыпова
Туризм және спорт министрі – Ермек Маржықпаев
Су ресурстары және ирригация министрі – Нұржан Нұржігітов
Өнеркісіп және құрылыс министрі – Қанат Шарлапаев
Экология және табиғи ресурстар министрі – Ерлан Нысанбаев
Қорытынды: үкіметтің дәл қазір 26 мүшесі бар. Оның 16%-ы жаңарды. Құрылым өзгерген жоқ. Премьер-министрдің алты да орнында қалды. Үкіметтегі әйелдер саны – 16%. Генералдар қатары артты: генерал-полковник – Жақсылықов, генерал-лейтенанттар – Бектенов, Сәденов, генерал-майор – Әрінов. Генерал-майор Шәріпханов кетті.