Жаңадан тағайындалған Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеме жасады

ЖАҢАЛЫҚТАР
2011
Фото:gov.kz
Жаңадан тағайындалған Үкімет басшысы Президенттің жүктеген жоғары сенімін ақтауға бар күш-жігерін салатынын айтты, – деп хабарлайды madeniportal.kz

Сондай-ақ Премьер-Министр Олжас Бектенов отандық өнімді қолдауға ерекше назар аударатынын айтты

Оның айтуынша, өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беріледі.

«Мұнай-газ және көмір химиясы, металды терең өңдеу, мащина жасау, автобөлшектер шығару, яғни жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын салаларды барынша дамытамыз. Отандық өндірісімізді ынталандыруға бағытталған нақты шаралар қабылданады. Реттелетін сатып алу аясында Қазақстанда жасалған тауарлардың үлесін арттырып, ондықтық өндірушілерді қолдау мақсатында офтейк жүйесін толық іске қосамыз. Басты мақсат – басқа елдің емес, өзіміздің ұлттық бизнесімізді қолдау. Ауыл шаруашылығы саласының зор әлеуетін дұрыс пайдалану маңызды. Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуге назар аударамыз. Электр қуаты, жылу әрі сумен қамтамасыз ету бағытында белсенді жұмыс атқарамыз. Тиімсіз шығындарды қысқартып, үнемделген қаражат инфрақұрылымды жаңартуға бағытталады. Көлік-логистика саласын дамытып, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру – Үкімет жұмысындағы басымдықтардың бірі болатыны сөзсіз. Цифрландыру, жасанды интеллектің қолдану саласын кеңейту, есептеу қуаттарын ұлғайту, аса маңызды міндеттер. Мемлекет басшысы белгілеген заң мен тәртіп қағидатын жүзеге асыруға бағытталған шаралар қабылдаймыз. Басқа да халықтың көкейінде тұрған өзекті мәселелер үнемі Үкіметтің назарында болады. Үкімет халқымыздың игілігіне, еліміздің өркендеуіне қызмет етеді», – деді Үкімет басшысы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...