«Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш Президент - Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәрт...
15 жылға жуық құлдықта болған малшы мен баласының тағдыры елдің жағасын ұстатты
Фото: Видеодан алынған кадр
Жамбыл облысында әйел кісі қайнысының құлдықтан құтылғаны туралы айтты. Ол 14 жыл хабар-ошарсыз болған, деп хабарлайды madeniportal.kz.
“Көреміз” Рая Алтынбекқызы қайнысының баласына іздеу салып келген. Оның қайнысы 14 жылдан кейін Байзақ ауданынан табылды. Әцел ер адамның хат танымайтынын, ақша санай алмайтынын айтты. Оны жаңа иесі алдап алып кеткенін алға тартты. Қайнысы кеткенде жанында 6 жасар баласы да болған.
Рая Алтынбекқызы 6 жасар баланың қайда екенін білмей отыр. Оның айтуынша, қайнысының қожайыны баланы балалар үйіне өткізіп жіберген.
Студияға Әжімұрат Жанболатов та келді. Ол жылдар бойы қой баққанын алға тартты. Тіпті қожалық иесі күніне бір мезгіл ғана тамақ береді екен. Бастығынының ұрғанын, жағасына жармасқанын да айтты.
Әжімұрат Жанболатов қой бақса, оның 6 жасар баласы сиыр соңына түскен. Кейін Әжімұрат баласын оқыту үшін қожалық иесіне өтініш жасайды. Манатбек баланы оқыту үшін алып кеткен. Әкесі содан кейін ұлын көрмепті. 2006 жылғы Манатбек балалар үйіне өткізген болып шықты. Кейін бала Жуалы білім орталығына орналасқан. Кейін туыстарына қайта барған. Бауыржан жылдар өтіе анасымен қауышқан. Бірақ анасы балаға немқұрайлы қараған. Тіпті анасының өзінде кеткен баланы да жоғалтып алғаны белгілі болды.
"Көреміз" редакциясы баланы тапты. Бауыржан қазір 18 жаста. Өз білімімен оқуға түскені белгілі болды. Студияда ата-анасын көріп көзіне жас алды. Ол жас кезінде қожалық иесінен қорлық көргенін, оның қамшымен ұрғанын айтты.
Анасына барғанда, "анам мені сатып жіберді" деп сұмдық ақпараттың бетін ашты.