Жаңаөзенде 8 айдан бері із-түссіз жоғалған әйел іздестіріліп жатыр

Фото: Бейнеден кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
888

Жаңаөзенде 47 жастағы Дина Жарылғасованы іздеу жарияланды. Ол өткен жылдың тамыз айында жоғалып кеткен болатын, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Lider.kz іздестіру қозғалысының еріктілерінен алынған ақпаратқа сәйкес, әйел 1-ші микрорайонда тұрған. 2025 жылғы 5 тамызда сағат шамамен 19:00–де ол үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері хабар-ошар жоқ.

Туыстарының айтуынша, жоғалған әйелдің бойы шамамен 170 сантиметр, дене бітімі қалыпты.

Ғайып болған күні Дина Жарылғасова ақ бұршақтың суреті бар қара көйлек пен ұзын қызыл өрнекті жилет киіп жүрген. Оның қолында кішігірім хаки түсті сөмке болған.

Туысқандары мен еріктілер әйелді көрген-білген болса, қандай да бір ақпарат білсе   хабарласуды сұрайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...