Осы аптада Испанияның шығысындағы су тасқыны құрбандарының саны жұмада Валенсия провинциясында ғана...
Алматыда вольфрам өндірісі қайта жанданады
Алматы облысында прокуратура органдары табысты инвестициялық ахуал құру және инвесторлардың заңды құқықтарының бұзылуына жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды madeniportal.kz.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, Алматы облысында вольфрам кендерін өндіру зауытын салу бойынша "Жетісу Вольфрамы" ЖШС жобасы 2019 жылы басталған.
"Биыл зауытты іске қосу үшін инвесторға энергиямен жабдықтау қуатын ұлғайту және ол үшін "АЖК" АҚ-дан техникалық шарттар алу талап етілді. Алайда, мемлекеттік органдар тарапынан бұл рәсім уақытымен кешіктірілді және кейіннен инвестициялық жобаны іске асыру мерзімдерінің бұзылуына әкелуі мүмкін еді.
Осы мәселе бойынша Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасымен уәкілетті органдардың және "АЖК" АҚ қатысуымен фронт-офис отырысы ұйымдастырылды. Оның нәтижелері бойынша инвестор электр қуатына қосылуға техникалық шарттар алды және жобаны іске асыруды жалғастырды", - деп хабарлады Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Зауытты пайдалануға беру биылғы жылдың соңына жоспарланған және бүгінгі таңда "Жетісу Вольфрамы" ЖШС ел экономикасына 96 млрд теңге инвестициялап, мың жаңа жұмыс орнын ашқан.
Алматы облысының прокуратурасы маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда және прокуратура органдарының ерекше бақылауында екенін хабарлады.