Ақтөбеде пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіру ісі қаралды, деп хабарлады madeniportal.kz Alash.kz  ...
15 қыркүйектен бастап Астанада түнгі автобустар жұмысын тоқтатады
Фото: ашық дереккөзден
Сенбі, 14 қыркүйектен жексенбі, 15 қыркүйекке қарайтын түні Астанада түнгі автобустар жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Оқу маусымы басталып, жолаушылардың саны артқан соң, сондай-ақ, қалалық бағдарларда түнгі автобустарды пайдалану тиімдірек болатынын ескере келе, түнгі маусымдық бағдарлар қозғалысын 14 қыркүйек сенбіден 15 қыркүйек жексенбіге қараған түні тоқтату туралы шешім қабылданды. Айта кетсек, №№ 201, 202 және 203 түнгі автобустары қатынаған күннен бастап 21 116 жолаушыны тасымалдаған», - деп хабарлады компания.
Дереккөзге сүйенсек, №201 автобусы 10 534 жолаушыны, № 202 бавтобусы 5 061 адамды, № 203 автобус 5 521 жолаушыны діттеген жеріне жеткізген. Бірақ, компания осы аралықта жай қалалық автобуспен шамамен 500 мыңға жуық жолаушы жүрген дейді.
14 қыркүйектен бастап осы үш автобус та түнде қала ішінде жүрмейді.