«Қателік жібердім»: Елдос Сметов Азиада финалынан кейін мәлімдеме жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
326

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Аичи–Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарының финалындағы белдесуіне қатысты пікір білдіріп, алдағы басты мақсатын атады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сметов финалда жапониялық Хаято Кондомен кездесіп, қарсыласына жол берді. Нәтижесінде қазақстандық дзюдошы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Сметовтің айтуынша, шешуші белдесуде жіберген қателігі қарсыласына мүмкіндік берген.

«Өте жақсы, тартысты белдесу болды. Өкінішке қарай, сәл мүмкіндік беріп қойдым. Қателік жібердім. Қателік кеткен кезде қарсыласым өз елінде болғандықтан, төрешілер де оның жағына сәл басымдық берді деп ойлаймын. Бұл – ренжитін нәрсе емес. Қателік жібердім, мүмкіндік бердім. Ол өз бағасын алды», – деді спортшы.

Ол екі жылдық үзілістен кейін Азия ойындарының финалына шығуын үлкен жетістік деп бағалады. Сондай-ақ турнирдегі жолы оңай болмағанын, Корея, Моңғолия және Тайбэйдің тәжірибелі дзюдошыларымен белдескенін атап өтті.

Елдос Сметов ендігі басты мақсаты Олимпиададағы жетістігін жалғастырып, жаңа нәтиже көрсету екенін айтты. Бұдан бөлек, Қазақстанда өтетін әлем чемпионатында топ жаруды көздеп отыр.

«Әлі де мықты болып ораламыз. Әлі уақыт бар. Басты мақсатым – Олимпиада тарихын жаңарту. Одан кейін елімізде өтетін әлем чемпионаты бар. Сол жарыста жеңіске жетіп, Әнұранымызды шырқатқым келеді», – деді Елдос Сметов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Respublica партиясынан Құрылтай депутаты, «ҚазАвтоЖол» ҰК-ның бұрынғы басшысы Мейірхат М...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында туристер арасында танымал табиғи орындардың бірінде аспалы шыны көпірдің құрылысы...