Шардарада баласы ұрған қария қайтыс болды

Дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1916

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Шардара ауданында елді дүрліктірген оқиғаның видеосы тараған болатын, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ bairaqmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан ұлының әкесін балағаттап, ұрғанын көруге болады. Тіпті келіні де жүйелі түрде ұрып-соғып, қорлап келген.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, көршісі бұл сұмдықты жасырын видеоға түсіргенімен, полицияға шағымданбаған. Ол түсірген бейнежазбаны қарт азаппен көз жұмғаннан кейін ғана жариялаған.

Аталған жағдайға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілуге жатпайды, - делінген ақпаратта.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...