“2 адамы жоқ”: Ертіске құлаған көлік табылды

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2228

5 қаңтар Ертіс өзеніне көлік түсіп кеткенін хабарлаған едік. Қазіргі уақытта оқиға орнында екі адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бүгін құтқарушылар көлікті алып шықты.

Оқиға 5 қаңтар күні Ертіс өзенінің Полковничий аралы аумағында (Бүркіт ұясы маңында) автокөлік жардан құлап, суға батып кеткен. Оқиға болған сәтте көліктің ішінде төрт адам болған.

Жолаушылардың бірі көліктен шығып, өз бетінше жағаға жүзіп шыққан. Кейінірек, құтқарушылар өзен ағысынан 11 шақырым төмен жерде бір қыздың денесін тапты.

Апат кезінде көлікте болған тағы екі адамның қайда екені әлі белгісіз.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарасақ, құтқарушылар 68303 әскери бөлімнің инженерлік техникасын пайдаланып, суға батқан автокөлікті Ертістен шығарған. Ведомствоның 100-ден астам қызметкері жолаушыларды іздеп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...