Қазақстанның оңтүстігінде болған ірі жол апатында 10 адам қаза тапты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1715

Жетісу облысында ірі жол-көлік оқиғасы болып, 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды Мadeniportal.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 14 қыркүйекте шамамен сағат 01:30-да Алматы – Өскемен автожолының 479-шақырымында, Алакөл ауданына қарасты Көлбай ауылының маңында болған.

«Алдын ала деректер бойынша, Nissan Cefiro көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ-2114 және Chevrolet Cobalt көліктерімен жанама соқтығысқан. Жол апаты салдарынан оқиға орнында 10 адам қаза тапты. Бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», – деді Жетісу облыстық полиция департаменті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және жолаушыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. ЖҚЕ-нің болмашы ғана бұзылуы орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін», – деп атап өтті Жетісу облыстық полициясы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...