Жаңбыр жауып, жел күшейеді: Еліміздің кей аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
557

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын қатты болады. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарында, сондай-ақ бірқатар басқа өңірлерде жылдамдығы 15-20 м/с және одан да жоғары болатын қатты жел соғуы мүмкін.

Жетісу, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және басқа да облыстардың жекелеген аудандарында тұман күтіледі.

Шоу-бизнес

Актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында «Соңыра» фильміне қатысты ойымен бөліс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлын пышақтап өлтірген әке 8 жылға сотталды. Қайғылы оқиға 4 шілдеде Қостанай облысының Арал ауданын...