Синоптиктер 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабар...
Жанель Мақажан күйеуінен бөлек кеткенін айтты
Фото: әлеуметтік желі
Танымал актриса Жанель Мақажан күйеуінен бөлек кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, қазіргі уақытта төрт баласы да өзімен бірге тұрып жатыр. Актриса бұған дейін екі кішкентай баласы бір ай бойы әкесінің жанында болғанын айтты.
Жанель Мақажан диктор Абай Асылханға екінші рет тұрмысқа шыққан еді.
«Еріңе сенбе, екі босағаңа сен!» деген қазақтың нақыл сөзін енді толық түсінгендеймін. Бір айдай болды, төрт балам жанымда. Оған дейін екі кішкентайым бір ай әкесінде болды. Өмірде неше түрлі жағдай болады екен», – деп жазды актриса.
Оның айтуынша, қазір балаларымен бірге басқа жерге көшіп барған. Жанель Мақажан қиындықтардың біртіндеп артта қалып келе жатқанын атап өтті.
«Қазір мен балаларыммен басқа жаққа көшіп келдім. Қиындықтар бітіп келеді. Алдағы уақытта бөлісемін. Осылай кішкентайлармен көшуден шаршадым. Өзіме нақты мақсаттар қойдым. Өзгеге емес, Аллаға, өзіңе сеніп өмір сүр!» – деді ол.
Актриса ендігі мақсаты – баспана алып, өзін дамыту және балаларына жағдай жасау екенін айтты.