26-28 қыркүйек күндері ауа райы суытады

Ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2449

«Қазгидромет» синоптиктері 26-28 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Метеорологтар ұсынған болжамға сәйкес, алдағы үш күнде республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда да жаңбыр мен қар жауады.

Ал түнде ауа температурасының -2-7 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.

Десе де солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен елдің батысында, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашын түспейді.

 Сондай-ақ күндіз ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі:

  • елдің батысында +20+27°С дейін,
  • солтүстікте, орталықта +15+23°С дейін,
  • қиыр оңтүстікте +18+25°С дейін,
  • оңтүстік-шығыста +12+20°С дейін,
  • елдің шығысында ауа температурасы +3+11°C шамасында болады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...