2026 жылы зейнетақы тағы да өседі

Madeniet Portaly

ЖАҢАЛЫҚТАР
1747

Сенатқа Мәжіліс қабылдаған 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Құжатқа сәйкес, зейнеткерлік жасқа байланысты төленетін және еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат көлемі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 10% өсім жоспарланған.

Сонымен қатар, заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі көрсеткіштерді белгілейді:

- ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;
- ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4325 теңге;
- тіршілік минимумының мөлшері – 50 851 теңге. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...