Семейдегі оқиға: 11 жасар Алинурды ІІМ қамқорлығына алды

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2254

Семейде бұзақы балалардың әрекетінен зардап шеккен 11 жастағы балаға ҚР Ішкі істер министрлігінің «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы да қолдау көрсетті, деп
 хабарлайды madeniportal.kz.

Әлеуметтік желіде бұзақы балалардан әлімжеттік көрген Алинұрға жан-жақтан қолдау көрсетіп, көмектесетіндерін айтып хабарласып жатқан видеолар тарап кеткен болатын. Қоғамның жаппай қолдауының арқасында мектеп оқушысы мен оның отбасы жалғыз емес екенін сезінді. Бұл іске полиция ведомствосының басшылығы ерекше мән беріп, тергеуді жеке бақылауына алды. 

Жасөспірімнің болашағына алаңдаушылық білдірген ҚР Ішкі істер министрлігінің «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы оны өз қамқорлығына алып, спорт арқылы жігерлендірмек. Динамолықтар балаға тәлімгерлік көрсетіп, сенімділігін нығайтуға, өзін қорғай білуге үйретуді мақсат тұтып отыр. 

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...