Павлодарлық азамат бензин цистернасына құлап қаза тапты

Фото: КазТАГ/Мадина Алимханова

ЖАҢАЛЫҚТАР
925

Павлодар-Қызылорда автожолында жүк көлігінің жүргізушісі бензин толы автоцистернаға құлап, сұйық отынға тұншығып қаза тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жазатайым оқиға түнгі уақытта Береке және Төртқұдық ауылдарының арасында, 55-ші километрде болған. MAN маркалы ершікті тартқыштың автоцистернасына түсіп кеткен жүргізуші көз жұмды. Болжам бойынша цистернадағы бензиннен ыдысқа құйып алмақшы болып ішіне еңкейген болуы ықтимал. Сол уақытта бензин толы цистерна ішіне құлап кеткен, - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған оқиға кезінде цистерналы көлікте өзге де адамдар болған. Марқұм бензин буына тұншығып қалғандықтан оның өмірін құтқару мүмкін болмаған.

Ер адам Павлодар қаласының тұрғыны. Полиция қазір жазатайым оқиға дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...