Ринат Зайыт Мақсат Ақановты қорғап шықты

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

Шоу-бизнес
96

Бұрынғы депутат, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың басшысы Ринат Зайыт айтыскер Мақсат Ахановқа қатысты дауға пікір білдірді. Ол Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында ақынды айтыстан шеттетуге негіз көрмейтінін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ринат Зайыттың пікірінше, айтыскердің сөзі ұлтаралық араздықты қоздырса немесе мемлекетке тіл тигізсе, оны сахнадан шеттету мәселесін қарастыруға болады. Алайда ол Мақсат Ахановтың сөзінен мұндай мазмұн байқамағанын жеткізді.

«Мақсат кімге не деді? Айтыста ұлтараздықты қоздыратын, мемлекетке тіл тигізетін сөз айтса, шеттетуге болатын шығар. Мақсат бір адамға тиетін сөз айтпады. “Адайдың шалдары” деген — күнделікті қолданыстағы сөз», – деді ол.

Сұхбат барысында Ринат Зайыт желіде тараған видеоға да тоқталды.

«Мақсат Ахановтың бар істегені сахнада мас болып қалғаны ма? Мен, керісінше, сол видеоны көріп қызықтым. Осылай еркелеп жүре беру керек еді. Одақ Мақсатты қорғап қалуы керек еді», – деді Ринат Зайыт.

Сұхбатта ол айтыс өнерінің бүгінгі жағдайымен қатар, жаңа қызметі, қазақ әскерінің беделі, сарбаз тәрбиесі және әскердегі ахуал туралы да әңгімеледі.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Кенияда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, кемінде 22 адам көз жұмды. Тағы 24 адам медиц...

Шоу-бизнес

Тележүргізушілер Ләйлә Сұлтанқызы мен Айгүл Мүкейдің қыз ұзату рәсімінде ән айтуы әлеуметтік желіде...