Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан бо...
Келер жылы балабақшаға қабылдау тәртібі өзгереді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева «Жаңа уақыт» бағдарламасына берген сұхбатында айтты келер жылы елімізде балабақшаға қабылдау тәртібі өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады madeniportal ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір ата-аналар балабақшаны тұрғылықты мекен жайына байланысты таңдайды. Ал өзгерістен кейін баласын өздеріне ұнаған кез келгеніне апара алады.
Белгілі болғандай, мемлекет мұны ваучерлік қаржыландыру арқылы іске асырмақ. Яғни балаға қарастырылатын қаржы қазіргідей алдын ала емес, балабақшаға тіркеу аяқталғаннан кейін ғана бөлінеді.
«Бастама бірнеше өңірде пилот режимінде қолға алынды. Бұл кезекті жою үшін жасалып отыр. Мәселен, Таразда 1700 бала кезекте тұрған. Ал ваучерлік қаржыландыру арқылы бұл көрсеткіш 17 балаға дейін азайды», - дейді вице-министр.