"Наурыздың басы денесінен бөлініп қалған": Атыраудағы трагедияға қатысты сұмдық жайт айтылды

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
173

Атырау облысында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты жалғасып жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бүгінгі сот отырысында марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты деректер айтылды. Әлеуметтік желіде сот залынан тараған ақпаратқа сәйкес, отырыс барысында мәйітті тану кезінде түсірілген бейнежазба көрсетілген.

"Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің мәйітін тану кезінде түсірілген бейнежазбаны көріп отыр. Тергеу барысында марқұмның басы денесінен бөлініп қалғаны белгілі болды. Бейнекадрлардан бұл анық көрінеді. Судья видеоны түсіруге рұқсат бермеді", – деп жазылған.