“Жедел жәрдем көлігі де бар”: Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2202

Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды. Куәгерлер іздестірілуде, деп хабарлайдыmadeniportal.kz.

Мәшһүр Жүсіп пен Теплов көшелерінің қиылысында Nissan маркалы көлігі мен жедел жәрдем соқтығысты.

“Біз апат куәгерлерін, сондай-ақ шындықты анықтауға көмектесетін көліктегі видеожазбаларды іздейміз. Жедел жәрдем жүргізушісі жыпылықтаған жасылға бара жатқанын айтады, бірақ қауіпсіздік камералары оның қызыл түс кезінде өтіп кеткенін тіркеді”, - деп жазды әлеуметтік желіде ЖКО қатысушыларының бірі.

Облыстық жедел жәрдем баспасөз қызметінде фельдшерлерден ешкім зардап шекпегенін және медициналық көмек қажет болмағанын мәлім етті. Ал өз бетінше №1 қалалық ауруханаға жүгінген Nissan көлігінің жолаушысында омыртқаның компрессиялық сынуы анықталды.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...