Қазақстанның денсаулық сақтау министрі ұшақта адам өмірін сақтап қалды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1144

Астанадан Алматыға бағыт алған КС 622 рейсі ертеңгісін бір жолаушы үшін қайғылы оқиғаға айнала жаздады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ұшақ ұшу жолағына шыққанда, бір қыз өзін жайсыз сезініп, қан қысымы көтеріліп, жүрегі айныды.

«Стюардесса! Стюардесса! Қызға жаман болып кетті, дәрігер керек!» деген айқайға Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап қатты. Ол бірден алғашқы көмек көрсетіп, қан қысымын өлшеп, қызды ұшақ қонғанша есін жиғызды.

Стюардессалар сулықтар мен пакеттер беріп көмектессе, зардап шеккен қыздың қасында оның құрбысы қолдау көрсетті. Министрдің кәсіби шеберлігінің арқасында әйел адамның жағдайы тұрақталды.

Жолаушылар Ақмарал Әлназарованың жедел әрекетінің арқасында жағдай сәтті аяқталғанын атап өтті.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...