Тізімде қандай елдер бар?: Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

Фото: Anadolu

ЖАҢАЛЫҚТАР
520

BBC хабарлауы бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Азия, Африка мен Латын Америкасының 12 елінің азаматтарының елге кіруіне тыйым салатын және тағы 7 елдің азаматтарына шектеу қоятын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ақ үйдің хабарлауынша, Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваториалды Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан мен Йемен азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынған.

Бұл тыйым 9 маусым күні күшіне енеді.

Сондай-ақ Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Венесуэла мен Түрікменстан азаматтарына ішінара кіруге тыйым салынды.

Дональд Трамп кейбір мемлекеттердің азаматтарына елге кіруіне бірінші президенттік мерзімінде-ақ тыйым салған еді. Бұл оның 2017 жылғы президент лауазымында қабылдаған алғашқы шешімі болатын.

Трамп ол кезде Ливия, Сирия, Йемен мен Сомали азаматтарын шекарадан өткізбейтін болды. Кейінірек тізімге Солтүстік Корея, Венесуэла мен Чад азаматтары да қосылды.

Тыйым салуға қатысты шешім соттарда бірнеше мәрте қаралып, өзгертілді. Алайда АҚШ Жоғарғы соты оны Конституцияға сай деп тапты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Байқоңыр ауданының аумағындағы Алаш тас жолы бойындағы мекенжайда қоқыс өртенген, деп хабар...

PESTEL

Иранға қарсы әскери операциядан кейін Израиль жаһандық қауіпсіздік шараларын күшейтуде, деп хабарлай...