Жұмбақ қамқоршы – «Маскадағы адам» ауыр дерті бар азаматқа күтпеген сый жасады

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1135

Жұмбақ қамқоршы - «Маскадағы адам» ДЦП диагнозы бар 36 жастағы Әділжанға көмектесті. Блогердің айтуынша, Қазақстан  азаматының мүгедектігі бірінші топқа жатады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

«Менің атым — Әділжан. Мен 36 жастамын. ДЦП диагнозым бар. Мешіттің жанында сауда жасаймын. Бизнес ашып, оны дамытуды жоспарлап отырмын. Бұрын мені ешкім керек етпегенде, қатты ауырсынатынмын. Қазір олай емес, тек өзімді сол күйімде қабылдағаныма шүкірлік етемін», — дейді ол.

Маскадағы адам Адылжанға көмек қолын созды. Ол оған емделуге, қажылыққа баруға және армандаған дүкенін ашуға көмектесетін болды. Сондай-ақ оған жаңа пәтердің кілтін табыстады.

Өткенде бұл жұмбақ қазақстандық 16 жастағы Станиславқа да көмектескен еді. Станислав өрттен әкесін, үш сіңлісі мен кішкентай бауырын жоғалтқан. Өрт орнына өрт сөндірушілер келгенде, үй толығымен отқа оранған болатын, салдарынан шатыр мен төбе құлаған. Станиславтың айтуынша, ол 7 жыл бұрын анасынан да айырылған және көзі нашар көреді. «Маскадағы адам» сол кезде Станиславтың ауыртпалығын елестете алмайтынын айтқан еді.

«Сен жалғыз емессің, біз бірге бұны жеңіп шығамыз. Енді сен білім алу шығындары үшін алаңдамайсың. Сондай-ақ емделіп, пәтерге ие боласың», — деп атап өткен меценат жігіт.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысы Келес ауданында сегізінші сыныптың оқушысы жүкті болып қалған, деп хабарлайды MADEN...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Сейсмологиялық ба...